Q Football

«Атлетико» Альварестің орнын басатын қымбат бағалы бомбардир тапты

«Атлетико» Альварестің орнын басатын қымбат бағалы бомбардир тапты
©️Getty Images

Виктор Осимхен мадридтік «Атлетикода» Хулиан Альварестің орнын басатын басты кандидатқа айналуы мүмкін. Бұл трансфер аргентиялық футболшының мансабындағы болашақ бағытын түбегейлі өзгертуі ықтимал

Sport.es мәліметінше, «Галатасарай» шабуылшысының кандидатурасы «матрасшыларға» шабуыл шебіндегі ықтимал ауыстырушы ретінде ұсынылған. Бұған дейін Осимхеннің трансферлік шарттарын «Барселона да» мұқият зерттегені хабарланған еді.

Әзірге «Атлетико» жаңа форвардпен келісімшарт жасасуды жоспарлап отырған жоқ және әлі де Альваресті алып қалуға үміттенуде. Алайда, егер әлем чемпионы кеткісі келсе, жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Мадридтіктердің аргентиялықты жібергісі келмеуінің басты себептерінің бірі - оның орнын басатын тең дәрежелі баламаның жоқтығы. Осы тұрғыдан алғанда, Осимхен шабуыл шебін сенімді жаба алатын қолайлы нұсқа болып көрінеді.

Басты мәселе - трансфер құнында емес, ойыншының жеке талаптарында. Дереккөздің хабарлауынша, нигериялықты шамамен 75 миллион евроға сатып алуға болады, бірақ ол «Галатасарайда» маусымына салықтарды шегергенде 17 миллион евро шамасында таза жалақы алады.

Тағы бір маңызды деталь бар: Осимхеннің келісімшартында оның имидждік құқықтары толығымен өзінде қалатыны көрсетілген. Бұл тармақ та ықтимал ауысуды қиындата түседі.

Осимхеннің қоржынында қазірдің өзінде қомақты жүлделер бар. Ол «Наполимен» бірге 2022/23 маусымында Италия чемпионы атанды, ал Турцияға ауысқан соң «Галатасараймен» ел чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. 2023 жылы форвард Африканың ең үздік футболышысы деп танылса, жасөспірімдер арасында Нигерия құрамасымен U-17 Әлем чемпионатында топ жарған.