«Football Insider» жазуынша, 24 жастағы ағылшын футболшысына Лондонның «Челси» клубы назар аударып отыр. Клуб келесі жылы қорғаныс шебін айтарлықтай күшейтуді көздейді және Брентвейттің әлеуетін жоғары бағалайды. Дегенмен қорғаушыға «Манчестер Юнайтед» те, сондай-ақ өзге бірнеше топ-клуб та қызығушылық танытып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Соған қарамастан, «Эвертон» қорғаныстағы көшбасшысын жібергісі келмейді және ойыншыны командада сақтап қалуға ниетті.
Биылғы маусымда Брентвейт Премьер-лигада жеті матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекет тіркеген жоқ.
