Алғашқы таймда неапольдіктер қарсылас қақпасын жиі нысанаға алды. 7-минутта Алекс Театтың соққысынан кейін доп торға түскенімен, офсайд тіркеліп, гол есепке алынбады. 31-минутта «Болонья» сапынан Мартин Амондарайн ескерту алды.
Екінші таймда «Наполи» қысымды күшейтіп, ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. 66-минутта алаң иелері есеп ашты: Станислав Лоботка Кевин Фавазулиден пас алып, дәл соққымен нәтижені өзгертті - 1:0.
Голдан кейін «Болонья» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Екі команда да бірнеше ауыстыру жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде «Наполи» минимал басымдықты сақтап, өз алаңында үш ұпайды еншіледі. Бұл жеңіс неапольдіктер үшін чемпионаттағы жоғары орындар үшін күресте маңызды нәтиже болды.
«Наполи» - «Болонья» 1:0
Гол: Лоботка, 66
«Наполи»: Милинкович-Савич - Ди Лоренцо, Ррахмани, Марин, Спинаццола - Гилмор, Лоботка, Де Брюйне (Оливера, 88) - Политано (Фавазули, 46), Гойлунн (Лукка, 75), Вергара (Ланг, 46)
«Болонья»: Пессина - Гольм, Геггем, Теат, Миранда - Побега (Либра, 57), Фергюсон, Амондарайн (Моро, 66) - Бернардески (Енем, 82), Пикколи (Одгор, 58), Камбьяги (Мбангула, 81)
Ескерту: Амондарайн, 31
