Q Football

«Реал» «Манчестер Юнайтед» жұлдызымен келісімге келді

«Реал» «Манчестер Юнайтед» жұлдызымен келісімге келді

16 жастағы Джей-Джей Габриэль жақында «Реал» ойыншысы атанады

Sky Sports журналисі Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Мадридтің клубы трансфер құжаттарын дайындап жатыр. Габриэль «Манчестер Юнайтедтен» 2027 жылдың қаңтар айында кетіп, «бланкос» қатарына қосылады.

«Реалдан» бөлек англиялық жартылай қорғаушыға «Барселона», ПСЖ және «Бавария» қызығушылық білдірген еді.

Джей-Джей Габриэль «қызыл сойқандардың» 21 жасқа дейінгі командасында ойқастап жүр. Жас талант осы маусымда үш матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.