Лондондық «Арсенал» «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруно Гимарайнс үшін бастапқы 82 млн еуролық ұсынысын арттыруға дайындалуда. Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, клубтар арасындағы шешуші келіссөздер келесі аптада өтеді.
Бразилиялық футболшының өзі «зеңбірекшілермен» жеке келісімшарт шарттарын келісіп қойған. Енді келісімнің сәтті аяқталуы тек «сауысқандар» басшылығының шешіміне байланысты.
Бұған дейін «Ньюкасл» екі басты ойыншысынан айырылып үлгерген еді: Энтони Гордон 80 млн еуроға «Барселонаға» ауысса, Сандро Тонали 108 млн еуроға «Тоттенхэм» сапын толықтырды.
«Арсенал» супертрансфер үшін барын салуға дайын: «Ньюкасл» жұлдызы бойынша ұсыныс қайта қаралады

Бруно Гимарайнс ауысуға келісімін беріп қойды, ал «сауысқандар» кезекті көшбасшысынан айырылып қалу қаупінде тұр