«Арсенал» шабуылшысы Кай Гаверц Германия құрамасы сапында жүргенде жарақат алып қалды. Evening Standard дерегінше, ол Лондонға оралған соң қосымша медициналық тексеруден өтті.
Тексеру қорытындысы жарақаттың аса ауыр емес екенін көрсетті және операция қажет еместігі расталды. Соған қарамастан, Гаверцтің қалпына келу уақыты әлі нақтыланбаған: шабуылшы бірнеше апта бойы алаңға шықпауы мүмкін.
Осы жағдайға байланысты халықаралық үзілістен кейінгі алғашқы ойынға оның қатысу-қатыспауы да белгісіз. «Арсенал» сенбі күні «Лидсқа» қарсы матч өткізеді.
