Q Football

«Ювентус» 250 млн еуроға капиталды ұлғайтуды мақұлдап, Спаллеттиге қолдау білдірді

«Ювентус» 250 млн еуроға капиталды ұлғайтуды мақұлдап, Спаллеттиге қолдау білдірді

Клубтың акционерлері қаржылық шешімді дерлік бірауыздан қолдады, ал басшылық команданың нәтижелеріне қатысты сынға қарамастан бас бапкерге деген сенімін растады.

La Gazzetta dello Sport жазуынша, дауыс беруге қатысқандардың 99,9%-ы ұсынысты қолдап шыққан.

Туриндік клубтың негізгі акционері саналатын «Экзор» холдингі (65,4%) өз үлесіне тиесілі қаржыландыруды қамтамасыз етуге келісіп, басқа жазылушылар табылмай қалған бөлігін де жабуға міндеттеме алды. Сонымен қатар «Ювентус» 60 миллион еуро көлеміндегі аванстық төлемді алдын ала алып қойған.

Жиналыста 2025/26 маусымының қаржылық есебі де бекітілді. 2026 жылдың 30 маусымында аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша клуб 67,2 миллион еуро таза шығынға ұшыраған. Бұл есепті акционерлердің 91,8%-ы қолдап, тапшылық меншікті капитал резервтері есебінен жабылғаны айтылды.

Кездесу барысында басшылық соңғы уақыттағы тұрақсыз нәтижелерден кейін түрлі қауесетке іліккен бас бапкер Лучано Спаллеттиге қатысты ұстанымын да білдірді. Клубтың бас директоры Джованни Карневали көпшілік алдында: «Лучано Спаллетти - біздің бапкеріміз, біз оны қолдаймыз!» - деп мәлімдеді.

Осылайша, «Ювентус» А сериясында 10 турдан кейін 17 ұпаймен 7-орында тұрғанына және қаржылық қысымға қарамастан, әзірге бапкер ауыстыруды жоспарламайтынын аңғартты. Клуб Спаллеттиге сенім артып отыр.