Q Football

«Манчестер Юнайтед» Лисандро Мартинестен айырылып қалудан қауіптенбейді

«Манчестер Юнайтед» Лисандро Мартинестен айырылып қалудан қауіптенбейді

Лисандро Мартинестің қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталғанымен, манчестерлік клуб қорғаушының болашағына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Юнайтедте» келісімді тағы бір маусымға — 2028 жылдың маусымына дейін автоматты түрде ұзарту мүмкіндігі бар. Сондықтан клуб басшылығы бұл мәселеге алаңдап отырған жоқ.

Манчестерде 28 жастағы аргентиналықты қорғаныс шебінің негізгі ойыншыларының бірі әрі команда көшбасшыларының қатарында көреді. Соңғы маусымдардағы бірнеше жарақат та клубтың футболшыға деген көзқарасын өзгерткен жоқ.

Мартинестің ұзақмерзімді болашағына қатысты келіссөздер алдағы айларда жанданады деп күтілуде. Қазіргі уақытта қорғаушының басқа клубтармен нақты келіссөздері жоқ.

Мартинес «Манчестер Юнайтед» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ағылшын клубына «Аякстан» ауысқан.