«Тұрақты ойын уақытын алу үшін «Страсбурға» жалға беру арқылы не Дастан Сәтпаев, не Михаил Мудрик баруы керек», - деп жазды аккаунт.
Айта кетейік, француздың «Страсбуры» да, Лондонның «Челсиі» де BlueCo консорциумына кіреді. Осыған байланысты «көгілдірлер» жас әрі болашағы бар ойыншыларын тәжірибе жинауы үшін француз клубына жіберу тәжірибесін жиі қолданады.
Бұған дейін Сәтпаев «Челси» сапында Австралияның «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы маусым алдындағы кездесуде (6:4) көзге түсіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді.
