Q Football

«Атлетико» Ли Кан Иннің трансферін ресми түрде жариялады

«Атлетико» Ли Кан Иннің трансферін ресми түрде жариялады

Оңтүстік Корея құрамасының жартылай қорғаушысы Ли Кан Ин мансабын мадридтік «Атлетикода» жалғастырады.

Испаниялық клуб 25 жастағы футболшының «ПСЖ»-дан ауысқанын ресми түрде хабарлады. Тараптар 2031 жылдың 30 маусымына дейін есептелген келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін тараған мәліметтерге сәйкес, трансфер құны 35 миллион еуроны құрады. Сонымен қатар, келісім шарттарына байланысты париждік клуб қосымша 5 миллион еуро бонус алуы мүмкін.

Өткен маусымда Франция чемпионатында оңтүстіккореялық жартылай қорғаушы 27 матчқа қатысып, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.