Q Football

Уэстон Маккени жарақат алды

Уэстон Маккени жарақат алды

«Ювентус» жартылай қорғаушысы 10-турдағы «Наполиге» (2:0) қарсы ойынды соңына дейін аяқтай алмады

28 жастағы америкалық ойыншының матч барысында сан бұлшық еті сыр берді. Осыған байланысты ол үзілістен кейін алаңнан кетіп, орнына Федерико Гатти шықты. Уэстонның жағдайы медициналық тексерістен кейін белгілі болады. Бас бапкер Лучано Спалеттидің сөзіне сенсек, бұл жарақаттың жарасы жеңіл емес.

«Қорқып тұрмын. Маккенидің жағдайы мәз емес»,– деді Турин клубының бас бапкері матчтан кейін.

Уэстон осы маусымда он матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның «бьянконеримен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.