Q Football

«Барселона» Испания құрамасының ойыншысын ПСЖ-ға ауысу туралы шешім қабылдады

«Барселона» Испания құрамасының ойыншысын ПСЖ-ға ауысу туралы шешім қабылдады

Mundo Deportivo мәліметінше, «көк-алақызылдар» осы жазғы трансферлік кезеңде 26 жастағы футболшыны сатуды жоспарламайды. Керісінше, клуб Торресті ұзақ мерзімге сақтап қалуды көздеп, келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерді бастауға дайын. Қазір шабуылшының «Барселонамен» келісімі 2027 жылдың жазына дейін күшінде

Бұған дейін испандық БАҚ Торреске француздың «Пари Сен-Жермен» қызығушылық танытып отырғанын жазған. Дегенмен «Барселона» шабуыл шебіндегі маңызды ойыншыларының бірін жібергісі келмейді және оның ықтимал трансфері бойынша келіссөзге баруды ойламай отыр.

Ферран Торрес «Барселона» сапында 2022 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Сол кезде каталониялық клуб оны ағылшынның «Манчестер Сити» командасынан 55 миллион еуроға сатып алған. Англияға дейін форвард өзі түлеп ұшқан «Валенсияның» намысын қорғады.

Transfermarkt дерегінше, қазіргі таңда Торрестің нарықтағы бағасы 55 миллион еуроға тең.