Q Football

Ван ’т Схип Қазақстан құрамасында Армениядағы сәтсіз сценарийін қайталауда

Ван ’т Схип Қазақстан құрамасында Армениядағы сәтсіз сценарийін қайталауда
©️KFF

Молдовадан сырт алаңда жеңілгеннен кейін нидерландтық маманның ұлттық құрама тізгініндегі жеңіссіз сериясы бес матчқа жетті

УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Кишиневте Молдовадан 1:2 есебімен ұтылу Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасының сәтсіз сериясын ұзарта түсті. Турнирдегі бес ресми кездесуде нидерландтық бапкер бірде-бір жеңіске жете алмады — команда еншісінде Фарер аралдарымен болған екі тең ойын (1:1 және 2:2) ғана бар, ал Словакиядан (1:2) және Молдовадан екі рет (1:2 және 1:2) жеңіліп қалды. Доп айырмасы 6:9 көрсеткішімен небәрі екі ұпай жинаған қазақстандықтар Астанада словактарға қарсы өтетін қорытынды үй матчының алдында C дивизионындағы өз тобының көш соңында келеді.

Бір қызығы, маманның бұрынғы ұлттық құрамадағы жұмысы да дәл осындай сценариймен өрбіген еді. 2025 жылы ван ’т Схип Армения құрамасын жаттықтырып, төрт матчтың бірде-бірінде жеңіске жете алмады: ол кезде армяндар Ұлттар лигасының өтпелі ойындарында Грузиядан ірі есеппен ұтылып (0:3 және 1:6), жолдастық кездесуде Косовоға жол беріп (2:5), Черногориямен тең түскен болатын (2:2). Көңіл көншітпейтін нәтижелер сериясынан кейін Армения футбол федерациясы 2025 жылдың тамызында бапкермен өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтатты.