Соған қарамастан, 28 жастағы шабуылшының болашағына қатысты соңғы шешім әлі қабылданбаған. Ендігі мәселе бас бапкердің жоспарына тіреліп тұр: ол Рэшфордтың келесі маусымдағы құрам жоспарында бар-жоғын нақтылап алуы керек.
Өткен маусымда ағылшын форварды «Барселонада» жалға беру шартымен ойнады. Каталониялық клуб сапында ол 49 матч өткізіп, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар «Барселонамен» бірге Испания чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алды.
