Q Football

Гуцуляк «Ордабасының» ойыншысы атанады

Гуцуляк «Ордабасының» ойыншысы атанады
©️Sport.nv.ua.

Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Гуцуляк мансабын Шымкенттің «Ордабасы» клубында жалғастырады.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 28 жастағы вингер ҚПЛ чемпионының алғашқы жаңа ойыншысы болмақ.

Футболшы командаға еркін агент ретінде қосылады. Оның соңғы клубы Житомирдің «Полесье» командасы болды. Дереккөздің мәліметінше, тараптар жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойған. Гуцуляк жаңа командасына қыста қосылады.

2026 жылғы Украина чемпионатында жартылай қорғаушы 25 матч өткізіп, сегіз гол соқты және алты нәтижелі пас берді. «Полесьемен» бірге қола жүлдеге ие болып, тек Донецктің «Шахтёрі» мен Черкассы қаласының ЛНЗ клубынан кейінгі орынға тұрақтады.

Гуцуляк еурокубоктерде 22 матчқа қатысты. Украина құрамасы сапында 16 ойын өткізіп, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының нарықтық құны үш миллион еуроға бағаланады.