Instagram әлеуметтік желісінде қақпашы қалыптасқан жағдайға қатысты Stories жариялады: «Чемпиондар лигасын жеңіп алсам, жолдастық матчта ойнауға шығаратын шығар, Ин Ша Аллах».
2026 жылғы маусымда Шайзада «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ KFF Awards салтанатында «Жыл қақпашысы» номинациясында үздік атанды. Соған қарамастан, құраманың бапкерлер штабы турнирде шақырту алған қалған барлық қақпашыларды алаңға шығарды: Стас Покатилов төрт матч өткізсе, Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков бір-бір кездесуден ойнады.
Алты турдың қорытындысы бойынша қазақстандық команда бірде-бір жеңіске жетпей (үш тең ойын және үш жеңіліс), C3 тобында соңғы, төртінші орынды иеленді.
