Q Football

«Манчестер Юнайтед» «Лидс» шабуылшысы Доминик Калверт-Льюинге көз салып жүр

«Манчестер Юнайтед» «Лидс» шабуылшысы Доминик Калверт-Льюинге көз салып жүр
The Athletic

Манкуниандықтар қаңтардағы трансфер терезесіне дейін жаңа «тоғызыншы нөмір» іздеп жатыр, алайда бұл мәміленің жүзеге асу мүмкіндігі аз. Бұл туралы The Athletic инсайдері Лори Уитвелл хабарлады.

Оның мәліметінше, қазір Премьер-лигада небәрі 16-орында тұрған «қызыл шайтандар» шабуыл шебін күшейту үшін нарықты зерделеп жатыр. Үміткерлер тізіміне осы маусымда төрт гол соққан ағылшын футболшысы да енді. FotMob деректері бойынша, оның бір матчтағы орташа бағасы 7,0-ден асады, бұл оны «Лидстің» үздік ойыншыларының біріне айналдырады.

Манкуниандықтар трансфер терезесі ашылғаннан кейін шабуылшының ауысуы мүмкін бе, соны анықтағысы келеді. Алайда клубтар арасындағы шиеленісті қарым-қатынасты ескерсек, трансфердің жүзеге асу ықтималдығы өте төмен бағаланады. Оның үстіне қазір жетінші орында келе жатқан «Лидс» шабуылшымен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр.

«Юнайтед» үшін орталық шабуылшы мәселесі Беньямин Шешконың жарақатына байланысты ерекше өзекті болып тұр. Майкл Каррик словениялық футболшының ұзақ уақыт алаңға шыға алмайтынын растады. «Қанша уақытқа екенін әзірге нақты білмейміз, бірақ бұл ұзаққа созылатын кезең болады», – деді манкуниандықтардың бас бапкері.