Алаң иелері бірінші таймның өзінде үш рет алға шықты. Энцо Фернандес айып добынан есеп ашты, Брайан Бробби көп ұзамай жауап берді. Кейін Райан Шерки мен Антуан Семеньо «Ситиді» қайта алға шығарды. Бірақ Бробби қонақтарды ойынға қайта-қайта қайтарды — үзіліске дейін есеп 3:2 болды.
57-минутта Семеньо дубль жасап, алаң иелерінің басымдығын арттырды. Алайда екі минуттан кейін Бробби үшінші голын соғып, есепті 4:3-ке жеткізді.
«Сандерленд» қарсылас қақпасына қауіп төндіруін жалғастырып, тең есепке де жақын болды. Бірақ 82-минутта Эрлинг Холанд Йошко Гвардиолдың пасынан кейін соңғы нүктені қойды — 5:3.
Холанд үшін бұл АПЛ-де «Сандерленд» қақпасына соққан алғашқы гол болды. Енді норвегиялық шабуылшы Англия чемпионатында өзі кездескен 25 команданың барлығына гол соқты.
Бробби небәрі 33 минутта хет-трик жасады, бірақ бұл қонақтарға ұпай алуға көмектеспеді. Матчтан кейін Марески тыныштау жеңісті қалар едім десе, Режис Ле Бри жеңіліске қарамастан командасының батыл ойынын атап өтті.
