Q Football

Массимо Мауро «Ювентустағы» дағдарысқа футболшыларды кінәлі деп санайды

Массимо Мауро «Ювентустағы» дағдарысқа футболшыларды кінәлі деп санайды

Туриндік клубтың бұрынғы жартылай қорғаушысының пікірінше, қазіргі құрамға мінез, қарқын және клубқа деген адалдық жетіспейді.

Мауро «Ювентус» ойыншыларының мүмкіндігі асыра бағаланғанын айтты. Оның сөзінше, футболшылар матч барысында көзге түспеуге тырысып, қатаң тартыстардан қашады. Ал Уэстон Маккенниге өткен маусымдағы ойындарын қайта қарап шығуға кеңес берді.

«Киім ауыстыратын бөлмеде жауапкершілікті бір-біріне арта бастаса, бұл жағдайдың күрделі екенін білдіреді», – деді «Ювентус» пен «Наполидің» бұрынғы ойыншысы. Ол команданы оқу-жаттығу жиынына жіберу шешімін турнир кестесінің төменгі жағында қалмау үшін күресіп жүрген клубтарға лайық шара деп атады.

Мауро үлгі ретінде Маркус Тюрамды атап өтті. Оның айтуынша, «Интер» мен «Фиорентина» матчында шабуылшы серіктеріне допты өзіне беруді сұрап, ойын сәтін жалғыз өзі шешуге дайын екенін көрсеткендей болды.

«Міне, осындай ойыншылар өз командасы мен клубын шын мәнінде жан-тәнімен сезінеді. «Ювентуста» мұның бірі де жоқ, мұнда клубқа тиесілілік сезімі мүлдем байқалмайды», – деп түйіндеді Мауро.