Льюиске Премьер-лиганың бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Солардың бірі ретінде «Ноттингем Форест» аталады: бұл клуб өткен жазда-ақ қорғаушыны өз қатарына қосуды қарастырған.
Биылғы маусымда Льюис Англия чемпионатында «Манчестер Сити» сапында негізгі құрамда бар болғаны бір рет қана алаңға шыққан. Ойын уақытының аздығы оны жаңа команда іздеуге итермелеуі ықтимал.
Соған қарамастан, қорғаушының «қалалықтармен» келісімшарты 2030 жылға дейін күшінде. Сондықтан ықтимал трансфердің жүзеге асуы жағдайдың қалай өрбитініне байланысты.
