Q Football

«Барселона» Фликтің тұсында қарсыласын 44-рет талқандады

«Барселона» Фликтің тұсында қарсыласын 44-рет талқандады

«Галатасарайды» жеңу каталондықтардың неміс бапкердің басшылығымен жеткен ірі жеңістерінің ұзын тізімін толықтырды.

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында «Барселона» Ыстанбұлда «Галатасарайды» 4:1 есебімен ұтты. Бұл — Ханси Флик басқарған 127 матчта команданың кемінде үш гол айырмасымен жеңген 44-ойыны.

Фликтің тұсында каталондықтардан ең көп ірі есеппен жеңілген команда — «Валенсия»: төрт рет (7:1, 5:0, 6:0, 5:0). «Атлетик» (3:0, 4:0, 5:0), «Мальорка» (5:1, 3:0, 3:0) және «Севилья» (5:1, 4:1, 5:2) үш реттен ойсырай жеңілді. «Барселона» «Реалды» (4:0, 5:2), «Жиронаны» (4:1, 4:1), «Вильярреалды» (5:1, 4:1) және «Хетафені» (3:0, 3:0) екі реттен талқандады.

Сонымен қатар каталондықтардың ірі жеңістері тізімінде «Фейеноорд» (5:1), «Вальядолид» (7:0), «Янг Бойз» (5:0), «Алавес» (3:0), «Бавария» (4:1), «Црвена Звезда» (5:2), «Брест» (3:0), «Барбастро» (4:0), «Бетис» (5:1), «Реал Сосьедад» (4:0), «Боруссия» (4:0), «Олимпиакос» (6:1), «Овьедо» (3:0), «Копенгаген» (4:1), «Леванте» (3:0), «Осасуна» (3:0), «Атлетико» (3:0), «Ньюкасл» (7:2), «Эспаньол» (4:1), «Эльче» (5:0), «Райо Вальекано» (5:2) және «Расинг» (7:2) командаларымен өткен матчтар бар.