Q Football

Михаил Мудриктен допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін салынған дисквалификация алынып тасталды

Михаил Мудриктен допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін салынған дисквалификация алынып тасталды
©️Championat.com

Англия футбол ассоциациясы (FA) лондондық команданың вингеріне қатысты тәртіптік тергеудің аяқталғанын растады. Бұл туралы FA баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады

Журналист Бобби Винсенттің жазуынша, енді Мудрик «Челсидің» Гонконгтағы оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтіліп отыр.

Мудрикке қатысты жағдай 2024 жылдан бері созылып келген. Сол жылы ойыншы уақытша шеттетілді: 2024 жылдың қазанында алынған допинг-сынамасынан мельдонийдің ізі анықталған. 2025 жылдың мамырында ФА футболшыға антидопинг ережелерін бұзды деген айып тақты. Ал 2026 жылдың қаңтарында ФА Мудрикті төрт жылға дисквалификациялаған.