Оқиға 2 қарашада 2:2 есебімен өтіп жатқан кездесудің қосымша уақытында болды. Алаң ортасында допқа талас кезінде «Андорра» қақпашысы «Тенерифе» шабуылшысымен соқтығысып, футболшы есінен танып қалды. Оның жүрегі тоқтап, тыныс алуы қиындады. Дәрігерлер алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ойыншыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Матч мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Де Мигельдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өткен маусымда шабуылшы 11 гол соғып, «Тенерифенің» Испанияның екінші деңгейлі дивизионы — Сегундаға көтерілуіне көмектескен еді.
Футболшының отбасына «Реал», «Барселона» және Испанияның басқа да клубтары көңіл айтты.
