«Энфилдте» нидерландтық футболшының кету сценарийіне алдын ала дайындалып жатыр. Ван Дейктің келісімшарты келесі жазда аяқталады, сондықтан Бастони қорғаныс орталығын күшейтудің негізгі нұсқаларының бірі ретінде қарастырылуда.
Дереккөз мәліметінше, италиялық қорғаушының өзі де АПЛ-де ойнап көруге қарсы емес. Алайда «Интермен» келісу оңай болмайды: бұған дейін миландық клуб Бастониді шамамен 70 млн фунтқа бағалаған.
«Ливерпуль» ойыншының жағдайын бұған дейін де зерттеген және оның мансабы қалай өрбитінін бақылауды жалғастырып отыр.
Егер мерсисайдтықтар трансферге нақты кіріссе, «Интермен» қомақты өтемақы жөнінде келіссөз жүргізуге тура келеді.
