Q Football

«Челси» Уэлбекті сапына қосты

«Челси» Уэлбекті сапына қосты

35 жастағы шабуылшымен келісімшарт 2028 жылға дейін.

Клубтың хабарлауынша, ол маусым алдындағы турне кезінде командаға қосылады.

Өткен маусымда Уэлбек Англия Премьер-лигасында 37 матч өткізіп, 13 гол соқты. Бұған дейін ол «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» сапында да ойнаған.

Дереккөз: «Челси» сайты.