Q Football

«Атлетиконың» бас директоры Ла Лига басшылығынан даумен кетті

«Атлетиконың» бас директоры Ла Лига басшылығынан даумен кетті
© atleticodemadrid.com

Хавьер Тебастың Еуропалық клубтар одағын бір миллион еуродан астам сомаға қаржыландырғанын мойындауынан кейін испаниялық клубтар қатты ашуға булықты

«Атлетиконың» бас директоры Мигель Анхель Хиль Ла Лиганың вице-президенті қызметінен кетіп, ұйымның директорлар кеңесінен шықты, деп хабарлайды журналист Бен Джейкобс.

Инсайдердің мәліметінше, отставка чемпионат ішіндегі өткір қақтығыс аясында болды. Өткен аптада Ла Лига президенті Хавьер Тебас клубтарға Еуропалық клубтар одағын қаржыландырып, ілгерілеткенін хабарлады — болжам бойынша, бұған бір миллион еуродан астам қаржы жұмсалған. Бұл ақпарат испаниялық клубтардың қатты ашу-ызасын тудырып, олардың көпшілігі лигадағы құқықтық ұстанымдарын қайта қарастырып жатыр.

Сонымен қатар Ла Лиганың өзі Хильдің кетуін оның енді «Атлетиконың» мажоритарлық иесі еместігімен ресми түрде түсіндіреді деп күтілуде.