Q Football

«Вильярреал» Пепенің көзіне жасалған операцияның Күн тұтылуымен байланысы бар деген қауесетті жоққа шығарды

«Вильярреал» Пепенің көзіне жасалған операцияның Күн тұтылуымен байланысы бар деген қауесетті жоққа шығарды

Испаниялық клуб хирургиялық операцияның алдын ала жоспарланғанын мәлімдеп, БАҚ өкілдерін футболшылардың денсаулығына қатысты ақпаратты жауапкершілікпен таратуға шақырды.

Қазан айының басында шабуылшы Николя Пепенің көзіне операция жасалды. Кейінірек Ла Лига аясында «Барселонаға» қарсы өткен матчта (2:3) Кот-д’Ивуар футболшысы 75-минутта қорғаныш маскасымен алаңға шықты.

Ойыннан кейін БАҚ-та футболшы 12 тамызда арнайы қорғаныш көзілдірігінсіз Күн тұтылуын бақылап, көру қабілетіне зақым келтірген болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

«Вильярреал» X әлеуметтік желісінде ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Клуб өкілдері Пепеге жасалған операцияның астрономиялық құбылысқа еш қатысы жоқ екенін және мұндай болжамдардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.