Q Football

Андрей Демченко Қазақстанға оралуды таңдады

Андрей Демченко Қазақстанға оралуды таңдады
(с) Offside.kz

Украиналық маман жаңа жұмыс орнын анықтаған сыңайлы.

Біздің сайтқа берген сұхбатында 50 жастағы бапкер Қазақстан Премьер-лигасының клубтарынан ұсыныстар түскенін айтқан еді. Енді бірқатар қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Демченко Астанаға ұшып келіп, «Жеңіс» клубының өкілдерімен келіссөз жүргізген.

Андрей өткен жылы да елордалық команданы жаттықтырған. Оның жетекшілігімен сары-қаралар Премьер-лигада алтыншы орын алды.