Q Football

Ноттингем Форест Шемрок Роверстен жас шабуылшымен келісімшартқа қол қойды

Ноттингем Форест Шемрок Роверстен жас шабуылшымен келісімшартқа қол қойды

Ағылшын клубы Ирландияның ең перспективалы жас шабуылшыларының бірі үшін күресте бірқатар еуропалық командаларды басып озды.

«Ноттингем Форест» «Шемрок Роверстің» 18 жастағы шабуылшысы Майкл Нунанды қатарға қосу туралы келісімге келді. Ойыншы ирландиялық клубпен келісімшарты аяқталғаннан кейін 1 қаңтарда ресми түрде Англия командасына өтеді. Бұл ақпаратты «Ноттингем Форесттің» ресми парақшасы жариялады.

Майкл Нунан Ирландия футболындағы ең болашағы зор жас ойыншылардың бірі ретінде бағаланады. Ол елдің жасөспірімдер құрамаларында ойнады, 2025 жылғы U-17 әлем чемпионатында үш рет мергендік танытты. Кейінірек шабуылшы Ирландияның U-21 құрамасына да шақырту алды.

Нунан еурокубоктарда да ерекше көрсеткішке қол жеткізген. Ол 16 жас 197 күнінде «Мольдеге» қарсы ойында «Шемрок Роверс» сапында гол соғып, Конференция лигасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды.

Бұған дейін жас форвардқа «Хоффенхайм», «Аякс», «Бенфика», «Селтик» және басқа да клубтар қызығушылық білдірген. 2026 жылдың қаңтарында «Шемрок Роверс» «Хоффенхаймнан» шамамен 1,8 млн еуро көлемінде түскен ұсынысты қабылдағанымен, ол трансфер соңына дейін жүзеге аспай қалған.