Q Football

«Арсенал» Винисиусқа клуб тарихындағы рекордтық келісімшарт ұсынуға дайын

«Арсенал» Винисиусқа клуб тарихындағы рекордтық келісімшарт ұсынуға дайын

Британдық The Telegraph басылымының хабарлауынша, «зеңбірекшілер» 26 жастағы бразилиялыққа аптасына 400 мың фунт стерлингтен асатын жалақы (жылына шамамен 20,8 млн фунт) ұсынбақ, бұл оны Лондон клубы тарихындағы ең жоғары жалақы алатын футболшыға айналдырады.

Лондондықтар «кілегейлермен» вингердің жаңа келісімі бойынша созылып кеткен келіссөздерді мұқият бақылап отыр. Винисиустың «Реалмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазыңа дейін есептелген, және егер бразилиялық еңбек келісімін ұзартпауға шешім қабылдаса, «Арсенал» бірден күреске қосылуға және трансферді рәсімдеу үшін кез келген қаржылық ресурстарды іске қосуға дайын.

Ағылшындар үшін басты кедергі «Реалдың» тізгінін ұстаған Жозе Моуриньюдің ұстанымы болып қала береді: ол бразилиялықты сатуға үзілді-кесілді қарсы және оны өз жоспарларындағы негізгі тұлға деп санайды. Алайда «Арсенал» басшылығы ықтимал мәміледе ақша мәселе болмайтынын атап көрсетеді.

Ұсыныстың ауқымын түсіну үшін: бұған дейін «Арсеналдағы» рекордтық жалақы тізімін Месут Озил мен Пьер-Эмерик Обамеянг (£350 мың аптасына) ұстап тұрған, ал осы көрсеткіш бойынша команданың қазіргі көшбасшысы — Букайо Сака, оның мөлшерлемесі келісімшартты ұзартқаннан кейін аптасына £365 мыңға дейін өсті.