34 жастағы қақпашы Sky/RTL-ге мюнхендік клубтың өзімен әзірге хабарласпағанын айтты. «Әзірге ешкім хабарласқан жоқ. Жағдайдан хабардармын, бірақ бұған байыппен қараймын», — деді ол.
Лено қазір «Фулхэмде» ойнайды. «Мұндағы келісімшартым маусым соңына дейін жарамды. Өзімді жайлы сезінемін және әлі де ойнағым келеді. Қазір бабымның шыңында жүргендеймін. Бәлкім, бір рет қосалқы құрамға ауысу немесе басқа іспен айналысу да пайдалы тәжірибе болар», — деді қақпашы. Ол клуб ауыстырса, ұсыныстың барлық шарты көңілінен шығуы керегін қосты.
«Бавария» 23 жастағы Урбигті болашақ негізгі қақпашысы деп таңдаған. Goal.com Леноның тәжірибесі мен шеберлігі Урбигке көмектесіп, қажет кезде оның орнына шығуға жетеді деп есептейді. Германия құрамасында 9 матч өткізген Леноның қатарында қосалқы қақпашы орнына «Хоффенхаймдағы» Оливер Бауманн мен «Шалькедегі» Лорис Кариус та аталып жүр.
