33 жастағы футболшы Германия чемпионатының 10-шы туры аясында жұма, 20 қарашада өткен «Кёльнге» қарсы кездесуде (1:1) тобық тұсындағы синдесмоз байламын үзіп алған болатын. Операция өткен түні жасалды.
«Харри Кейнге сәтті ота жасалды. Кеше Бундеслига аясында «Кёльнге» қарсы өткен матчта сол жақ тобығының синдесмоз байламын үзіп алған 33 жастағы футболшыға түнде хирургиялық ота жасалды. Енді ол оңалту бағдарламасына кіріседі. Харриге тезірек сауығып, қатарға оралуын тілейміз!» — деп жазылған «Баварияның» X әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.
