Q Football

«Бавария» жарақат алған Кейннің орнына үш шабуылшыны қарастырып жатыр

«Бавария» жарақат алған Кейннің орнына үш шабуылшыны қарастырып жатыр

Мюнхендік клуб Харри Кейн ұзақ уақытқа қатардан шығып қалған жағдайда, оның орнын басатын футболшы іздестіріп жатыр. 33 жастағы шабуылшы жарақатына байланысты үш айға дейін алаңға шыға алмауы мүмкін. Бұл туралы Calciomercato хабарлады.

«Бавария» бельгиялық «Брюгге» клубының шабуылшысы Николо Трезольдиге қызығушылық танытып отыр. Алайда бельгиялық команда қысқы трансферлік кезеңде футболшыны 60 миллион еуродан төмен бағаға жібермеуі мүмкін.

Мюнхендік клубтың назарындағы тағы бір ойыншы — «Борнмут» шабуылшысы Эли Крупи. Дереккөздің мәліметінше, ағылшын клубы француз футболшысын 70–80 миллион еуродан арзанға сатуды жоспарлап отырған жоқ.

Ал «Монако» сапындағы Парис Бруннер анағұрлым қолжетімді нұсқа саналады. 20 жастағы шабуылшының трансферлік құны шамамен 20 миллион еуроға бағаланып отыр. «Бавария» оны болашаққа бағытталған инвестиция ретінде қарастыруы мүмкін.

Еске салайық, Кейн Германия чемпионатының 10-туры аясында «Кёльнге» қарсы өткен матчта (1:1) сол жақ тобық тұсындағы синдесмоз байламын үзіп алған болатын.