Өткен жазда «шпорлар» швециялық жартылай қорғаушының 46 миллион фунттық трансферін бұғаттап, «Ноттингем Форесттің» де ұсыныстарын кері қайтарған еді.
2024 жылдан бері клуб сапында өнер көрсетіп келе жатқан хавбек 20 жасында барлық турнирде 80 матч өткізіп, ұлттық құрамамен жазғы әлем чемпионатында бағын сынап үлгерді. Ойыншының өзі ұжымның үлкен болашағына сенетінін және голдар мен нәтижелі пастар бойынша жеке көрсеткіштерін арттыруды басты мақсат санайтынын жеткізді.
