40 жастағы Нойер табан сіңіріндегі мәселеге байланысты соңғы үш матчты өткізіп алды. Bild мәліметінше, «Бавария» капитаны Мадридтегі кездесуге дейін сауығып кетуге үміттеніп отыр. Алайда оның алаңға шығуы жөнінде түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.
Оның орнына ойнаған Урбиг 34-минутта Карни Чуквуэмекамен соқтығысып, басынан тіземен қатты соққы алды. Қақпашы кездесуді соңына дейін өткізгенімен, дәрігерлер ми шайқалу белгілері пайда болуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Егер екі қақпашы да алаңға шыға алмаса, олардың орнын 38 жастағы Свен Ульрайх басады. «Атлетикоға» қарсы матч 3 қарашада өтеді. «Баварияның» нақты құрамы медициналық тексерулерден кейін анықталады.
