Q Football

«Манчестер Сити» алға ұзап кетті: АПЛ-дың 5-турына шолу

«Манчестер Сити» алға ұзап кетті: АПЛ-дың 5-турына шолу

«Брайтон» қазіргі чемпионды ірі есеппен жеңді, «Челси» Лондон дербиінде сүрінді, ал «Астон Вилла» мен «Ковентри» маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

Англия чемпионатының 5-турындағы он матчта командалар 27 гол соқты. Гол тіркелмеген жалғыз кездесу «Лидс» пен «Кристал Пэлас» арасында өтті — 0:0. Екінші таймда Тайрик Митчелл гол соққанымен, шабуылдың басында офсайд тіркеліп, доп есепке алынбады. «Лидс» бес турдан кейін де жеңілген жоқ.

«Брайтон» «Арсеналға» маусымдағы алғашқы жеңілісін сыйлады — 3:0. Паскаль Гросс 31-минутта есеп ашты, үзіліс алдында Харалампос Костулас мергендік танытты, ал екінші таймда Чема Андрес қорытынды есепті белгіледі. Бұған дейін лондондықтар чемпионатта небәрі бір гол жіберген еді.

Қарсыласының сүрінуін «Манчестер Сити» тиімді пайдаланып, сегіз гол соғылған матчта «Сандерлендті» 5:3 есебімен жеңді. Энцо Фернандес, Райан Шерки, дубль жасаған Антуан Семеньо және Эрлинг Холанд алаң иелері сапында гол соқты. Қонақтардан Брайан Бробби 33 минутта хет-трик жасады. Энцо Марески командасы АПЛ-дегі алғашқы бес матчтың бәрінде жеңіске жетті.

«Брентфорд» Батыс Лондон дербиінде «Челсиді» 3:0 есебімен ұтты. Барлық гол екінші таймда соғылды: Джейдон Энтони, Игор Тиаго және Фабиу Карвалью көзге түсті. Бұл «Брентфордтың» «Челсиді» өз алаңында 1938 жылдан бергі алғашқы жеңісі.

«Астон Вилла» «Тоттенхэмді» 3:2 есебімен жеңіп, чемпионаттағы алғашқы үш ұпайын алды. Йохан Манзамби негізгі құрамдағы дебюттік матчында гол соғып, Николас Джексонға нәтижелі пас берді. Қонақтардың тағы бір добын Эмилиано Буэндиа соқты. «Тоттенхэм» Конор Галлахер мен Ян Пол ван Хеккенің голдарымен жауап берді.

«Ливерпуль» сырт алаңда «Борнмутты» 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды екінші таймда Александер Исак соқты. Андони Ираола командасы чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізсе, швед шабуылшысы маусымдағы гол санын төртке жеткізді.

«Фулхэм» мен «Манчестер Юнайтед» 1:1 есебімен тең түсті. Кэлвин Бэссидің соққысынан кейін доп Лисандро Мартинеске тиіп, қонақтар қақпасына кірді. Ал 89-минутта Матеус Кунья Майкл Каррик командасын жеңілістен құтқарды.

«Эвертон» «Ипсвичті» 1:0 есебімен жеңді. Тьерно Барри 11-минутта жалғыз голды соқты. Екінші таймда қонақтар Абдул Фатаудың алаңнан қуылуынан кейін он ойыншымен қалды. Джордан Пикфорд бірнеше рет командасын құтқарып, жеңісті есепті сақтап қалды.

«Ньюкасл» «Халл Ситиден» 2:1 есебімен басым түсті. Джо Уиллок пен Льюис Холл 7-минутқа дейін Харви Барнстың екі пасынан кейін гол соқты. Үзілістен кейін Мохамед-Али Шо есеп айырмасын қысқартты, бірақ қонақтар жеңілістен құтыла алмады.

«Ковентри» Премьер-лигаға оралғаннан кейінгі алғашқы жеңісін алып, «Ноттингем Форестті» 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды Джей Дасилва қақпашы Карл Рашуорттың ұзын пасынан кейін соқты. Бұл Фрэнк Лэмпард командасының осы чемпионаттағы алғашқы голы болды.

Турнир кестесі: 1. «Манчестер Сити» — 15 ұпай, 2. «Арсенал» — 12, 3. «Брайтон» — 10. Толық кесте осында.

Сұрмергендер: 1. Холанд — 5 гол, 2. Исак — 4, 3. Роджерс — 3. Толық тізім осында.

Ассистентер: 1. Педро — 3 ассист, 2. Гросс — 3, 3. Семеньо — 3. Толық тізім осында.