Q Football

«Реал» төрт жұлдызды футболшысын сатпайды

«Реал» төрт жұлдызды футболшысын сатпайды
©️Real Madrid

Мадрид клубы алдағы жылдары команда тірегі болатын төрт ойыншыны ешқандай жағдайда сатпайтынын анықтады.

Журналист Жорже Пиконның мәліметінше, «Реалдың» сатылмайтын футболшылары қатарына қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Джуд Беллингем, сондай-ақ шабуылшы Килиан Мбаппе енді. Клуб басшылығы бұл ойыншыларға қандай ұсыныс түссе де, оны қарастырмайды.

Испаниялық алпауыт дәл осы төрт футболшының айналасында жаңа жобасын құрып, команданың болашағын жоспарлап отыр. Қалған трансферлік шешімдер осы стратегияға сәйкес қабылданады.

Осы жазда мадридтік ұжымды қайтадан Жозе Моуринью тізгіндеді. Португалиялық маман «Реалды» 2010–2013 жылдары да жаттықтырып, сол кезеңде Испания чемпионатын, ел кубогын және Суперкубогын жеңіп алған. Өткен маусымда Ла Лигада екінші орын алғаннан кейін клуб басшылығы тәжірибелі бапкерді қайта шақырып, команданы қайтадан барлық басты жүлделер үшін таласқа қосуды көздеп отыр.