Q Football

«Челси» мен «Арсенал» «Фейеноордтың» жас жұлдызы үшін күреске түсті

«Челси» мен «Арсенал» «Фейеноордтың» жас жұлдызы үшін күреске түсті
©️fichajes.net

Роттердамдық клуб нәтижелі жартылай қорғаушысын қаңтардағы трансферлік терезеде-ақ 30 миллион еуроға сатуға дайын

«Челси» мен «Арсенал» «Фейеноордтың» 22 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Гиваи Зехиэльге жоғары қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Caught Offside. Елордалық грандтар қаңтарда ашылатын трансферлік терезе қарсаңында нидерландық футболшының өнерін жіті бақылап отыр.

Өткен жазда «Лилль» ойыншы үшін 17 миллион еуро ұсынғанымен, теріс жауап алды. Бұл ретте роттердамдық клуб басшылығы 30 миллион еуро шамасында ұсыныс түскен жағдайда жартылай қорғаушыны жіберуге дайын. Ағымдағы маусымда Зехиэль сегіз матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас беріп, өте нәтижелі ойын көрсетуде. Футболшының клубпен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін қарастырылған.