«Біз алға жылжып келеміз. Бірге жұмыс істеп жүргенімізге төрт ай да болған жоқ, бұл өте аз уақыт. Соған қарамастан, біртіндеп күшейіп келеміз. Алғашқы күні өзіме түсініксіз болған кейбір дүниелерді қазір ұқтым. Ойыншылар менің бапкер ретіндегі мінезімді және мен үшін талқылауға жатпайтын нәрселерді жақсырақ түсіне бастады», - деді Моуринью.
Бас бапкер команда ішіндегі байланысқа да тоқталып, бапкерлік штаб пен футболшылар арасында қажетті түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл жағдай тактикалық ойларын ойыншылардың жеке мүмкіндіктерімен үйлестіруге көмектесіп отыр.
«Арамызда жақсы адами түсіністік бар, сондай-ақ футболшылар, бапкер, менің идеяларым және олардың мүмкіндіктері арасында да үйлесім қалыптасты. Дұрыс бағытта келе жатырмыз, бірақ енді бізді екі қиын әрі маңызды матчтан тұратын апта күтіп тұр», - деп түйіндеді португалиялық маман.
Қазір «Реалдың» қоржынында 27 ұпай бар, мадридтік клуб Ла Лиганың турнир кестесінде үшінші орында келеді. Келесі матчта «корольдік клуб» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Грекияның «АЕК» командасымен кездеседі.
