«Қазір көп нәрсе болып жатыр. Біз бәріміз бұл трансферлік терезенің қандай жағдайда өтіп жатқанын түсінеміз. Иелері де, директорлар кеңесі де, спорттық директор да, мен де — бәріміз білеміз: клубты жаңа деңгейге шығарғымыз келеді.
Ол үшін құрам күштірек болуы керек, футболшылар да күштірек болуы қажет. Біз қай тұста қосымша күш қоса алатынымызды, нені жақсарту керегін және ойынымызды қалай дамыту керегін, сондай-ақ мақсатқа жету үшін не қажет болатынын қазірдің өзінде айқындадық. Үміттенемін, жақын арада нақты мәселелерге көше аламыз», — деп Артетаның сөзін клубтың ресми сайты келтіреді.
