«Эньимба» Нигерия чемпионатының 13 турында небәрі 11 ұпай жинап, қазір төменгі дивизионға түсетін аймақта тұр. Команда жексенбі күні өз алаңында «Икороду Ситиден» 0:1 есебімен жеңілді.
Абиа штатының ақпарат жөніндегі комиссары Окей Кану биліктің араласуына тек ойын нәтижесі емес, клубтың басқару және құрылымдық мәселелері де себеп болғанын айтты.
Енді спорт және жастарды дамыту министрлігі клубтың басшылығын, бапкерлер жұмысын және күнделікті қызметін қайта құрады. Қызметінен кеткендер клубтың мүлкін, құжаттары мен жабдықтарын министрлікке тапсыруға міндеттелді.
«Эньимба» — Нигерияның ең көп жүлде алған клубтарының бірі. Ол КАФ Чемпиондар лигасын 2 рет жеңіп алған.
