Q Football

Томори мен Лофтус-Чик келісімшарттары аяқталған соң «Миланнан» кетуді жоспарлап отыр

Томори мен Лофтус-Чик келісімшарттары аяқталған соң «Миланнан» кетуді жоспарлап отыр

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, екі ағылшын футболшысының да келісімшарты келесі жылдың маусымына дейін жарамды. Егер жағдай өзгермесе, қорғаушы мен жартылай қорғаушы командадан еркін агент ретінде кетеді.

Томори «Челсиден» ауысқаннан кейін 2021 жылдың қаңтарынан бері «Милан» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 241 матч өткізіп, жеті гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Қорғаушы «россонери» сапында 2021/22 маусымында Италия чемпионы атанып, бірнеше жыл бойы қорғаныс шебінің негізгі ойыншыларының бірі болды.

Лофтус-Чик те «Челсиден» ауысып, Миланға 2023 жылдың жазында келді. Оның еншісінде 105 матч, 13 гол және төрт нәтижелі пас бар.

Осылайша, келесі жазда «Милан» тәжірибелі екі ағылшын футболшысынан бір мезетте трансферлік өтемақысыз айырылып қалуы мүмкін.