Q Football

Де Кетеларе ПСЖ-ның жазда өзіне қызығушылық танытқанын растады

Де Кетеларе ПСЖ-ның жазда өзіне қызығушылық танытқанын растады

«Аталанта» шабуылшысы Шарль Де Кетеларе париждік клуб оның кандидатурасын қарастырғанын, алайда ойыншының жоғары бағасына байланысты трансфер жүзеге аспағанын айтты.

«Мен небәрі 25 жастамын, мүмкіндік әлі болады. «Аталантаға» қысым жасағым келмейді, бірақ алға қарай қадам басқым келеді. Жазда ПСЖ менімен байланысқа шықты», — деді бельгиялық Le Dernière Heure басылымына берген сұхбатында.

Де Кетеларенің айтуынша, басты кедергі трансфер құны болған.

««Аталанта» өте көп сұрағанын білемін — шамамен 50 миллион еуро сияқты. Мұндай соманы төлей алатын клуб табу керек», — деді ол.

Сонымен қатар футболшы Бергамодан кетуге асықпайтынын атап өтті.

««Аталантада» өзімді бақытты сезінемін. Мен үшін негізгі құрамда тұрақты ойнау өте маңызды — мұны «Миланда» жүргенде-ақ түсіндім. Мен проблема тудыратын адамдардың қатарынан емеспін», — деді Де Кетеларе.

Бельгиялық үшін жаңа маусымның басы оңай өтіп жатқан жоқ. Серия А-ның бес турынан кейін оның еншісінде гол жоқ, тек бір нәтижелі пас бар.

Оның рөліне Маурицио Сарридің келуі мен ойын схемасының өзгеруі де әсер етті. Де Кетеларе өзін қапталда тым кең аймақта пайдаланғанда жайсыз сезінетінін мойындады.

Бельгиялық футболшы «Аталантаға» 2023 жылдың жазында «Миланнан» жалға ауысып, бір жылдан кейін клуб оның трансферлік құқығын толық сатып алды. Бергамодағы екі сәтті маусымнан кейін Де Кетеларе енді бапкерлер штабының жаңа талаптарына бейімделуге тырысып жүр.