«Трабзонспор» мәлімдемесінде салтанатты шара арнайы команданың жаңа ойыншысы үшін ұйымдастырылып жатқаны айтылған. Клуб сондай-ақ жанкүйерлерге үндеу жасап, стадионға жаңа маусымның жейделерін киіп келуді өтінді.
«Жаңа футболшымыз Мохамед Салах үшін бейсенбі, 6 тамызда сағат 19:30-да «Папара Паркта» келісімшартқа қол қою рәсімі өтеді.
Тарихқа бірге куә болып, осы ұмытылмас саяхаттың алғашқы қадамын бірге жасау үшін барлық жанкүйерлерімізді жаңа маусымның жейделерінде «Папара Парк» стадионында күтеміз»
