Q Football

«Боруссия» Дортмундтың бұрынғы ойыншысы Юлиан Брандт «Аяксқа» ауысты

«Боруссия» Дортмундтың бұрынғы ойыншысы Юлиан Брандт «Аяксқа» ауысты
©️Ajax

Амстердамдықтар ойыншымен келісімшартқа отырғанын өзінің ресми сайтында жариялады. Германиялық футболшы ұжым қатарын еркін агент мәртебесінде толықтырды. Тараптар 2029 жылдың жазына дейінгі келісімшарт бойынша келісімге келді

Брандт 2019 жылдан бері дортмундтық «Боруссия» сапында өнер көрсетті. 2025/2026 жылғы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 11 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Дортмундқа ауысқанға дейін ол леверкузендік «Байердің» намысын қорғаған еді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны — 15 миллион еуро. Өткен маусымда «Аякс» Эредивизи кестесінде бесінші орынға табан тіреді.