«Гаврға» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында испаниялық маман Матвей Сафоновтың заманауи футбол талаптарына сәтті бейімделгенін атап өтті. Бапкердің айтуынша, қақпашы тек қақпаны қорғап қана қоймай, қорғаныс шебіндегі ойыншылармен үнемі байланыста болуы тиіс.
«Ол келген кезде алдында топ-клубта өзін көрсету міндеті тұрды. Ол бәрін дұрыс орындап, біздің талаптарымызға бейімделді. Әлі де дамып келеді, өте батыл және біз одан талап еткеннің бәрін орындайды. Мен оған өте ризамын», — деді Энрике.
27 жастағы ресейлік қақпашы 2024 жылдың жазында «Краснодардан» «ПСЖ-ға» 20 миллион еуроға ауысты. Биылғы маусымда ол негізгі құрамдағы орнын бекітіп, чемпионаттағы соңғы кездесуінде «Лионға» қарсы ойында (2:0) қақпасына гол жібермеді.
Париждіктер келесі кездесуін 30 қазанда Лига 1-дің тоғызыншы туры аясында сырт алаңда «Гаврға» қарсы өткізеді.
