Q Football

Тиджани Рейндерс «Галатасарайға» ауысуы мүмкін!

Тиджани Рейндерс «Галатасарайға» ауысуы мүмкін!
©️Fotomac

«Галатасарайда» жазғы трансфер кезеңіндегі жұмыстар жалғасып жатыр. «Манчестер Ситидің» әлемге танымал нидерландтық футболшысы Тиджани Рейндэрс сары-қызыл жейдені киіп, алаңға шығуы мүмкін

«Галатасарайдың» орталық жартылай қорғаушысы Габриэл Сараға Еуропа клубтары қызығушылық танытып отыр. Сары-қызылдар сапындағы ойынынан кейін 26 жастағы футболшы Бразилия құрамасының кеңейтілген тізіміне енген. Ол Әлем чемпионатының нақты құрамына кірмесе де, бас бапкер Карло Анчелоттидің назарына ілінуі Еуропадағы бағасын өсіргені атап өтіледі.

Италияның «Наполи» клубы жазда ортаңғы шепті күшейту жоспарына байланысты Габриэл Сараны үміткерлер қатарына енгізген. Бұған дейін оған Англия Премьер-лигасындағы «Астон Вилла» да қызығушылық білдірген еді. Дегенмен, қазірге дейін «Галатасарайға» Сара бойынша ресми ұсыныс түспегені айтылады. Клуб басшылығы да бұл мәселеде асықпай, тартымды ұсыныс келсе ғана жағдайды таразылауы мүмкін.

Осы арада «Галатасарай» ықтимал кетулерге балама нұсқаларды да қарастырып жатыр. Сол тізімдегі ойыншылардың бірі - «Манчестер Сити» сапындағы Тижани Рейндерс.

Ағылшын баспасөзіндегі «Sun» дерегінше, сары-қызылдар 27 жастағы нидерландтық жартылай қорғаушыны жіті бақылап отыр. Материалда Рейндерстің өткен жазда «Манчестер Сити» құрамына ауысқаны жазылған.

Сол дереккөздің мәліметінше, егер ағылшын клубы «Лилльден» 18 жастағы марокколық жұлдыз Айюб Буаддиді қатарға қоссa, Рейндерстің командадан кетуіне рұқсат беруі мүмкін. «Галатасарайдың» да осы сценарийді мұқият қадағалап отырғаны және трансферде пайда болуы ықтимал мүмкіндікті пайдалануды жоспарлайтыны айтылды.

«Sun» былай деп жазады: «„Манчестер Сити“ құрамында „Галатасарай“ жақыннан бақылап жүрген ойыншылардың бірі - жартылай қорғаушы Тижани Рейндерс. 27 жастағы нидерландтық футболшы өткен жазда „Манчестер Сити“-ге трансфер болған. Алайда ағылшын клубы „Лилль“ сапында ойнайтын 18 жастағы марокколық Әлем чемпионатының жұлдызы Айюб Буаддиді құрамына қосса, Рейндерстің командадан кетуіне рұқсат береді».