Аргентиналық «көктермен» 2033 жылдың жазыға дейін ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды. Ол командаға кейінірек қосылып, онымен бірге маусым алдындағы дайындықтан өтеді.
Барко ағылшын футболымен бұрыннан таныс: ол бұған дейін «Брайтон энд Хоув Альбион» сапында ойнаған, ал 2025 жылдың жазында «Страсбурға» ауысты.
2025/2026 маусымында хавбек барлық турнирде 43 матч өткізіп, үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Transfermarkt дерегінше, ойыншы 40 млн еуроға бағаланады.
