«Нерадзурри» өз алаңында «Комоны» 2:0 есебімен жеңді. Миландықтар алғашқы минуттарда-ақ басымдықты қолға алып, кездесудің тағдырын ерте шешті.
Есеп 12-минутта П. Эспозитоның голынан кейін ашылды. Араға жеті минут салып, 19-минутта М. Тюрам айырманы еселеп, «Интердің» жеңісін нығайтты - 2:0.
«Интер» матчты мына құрамда бастады: Ж. Мартинес - Аканджи, Бастони, Аугусто - Спенс, Барелла, Чалханоглу (Сучич, 81), Зелиньски (Мхитарян, 72), Димарко (Диуф, 88) - П. Эспозито (Бонни, 73), М. Тюрам (Павар, 88).
«Комоның» бастапқы құрамы: Санчес - Коуту (Какере, 74), Рамон, Кемпф, Валье (Кайки, 74) - Перроне (Риччи, 46), Милья - Да Кунья (Либерали, 74), Пас, Батурина (Смолчич, 46) - Дувикас.
Кездесуде жалғыз ескерту П. Эспозитоға көрсетілді.
