Шабуыл шебіне қатысты негізгі нысана - «Реалдың» форварды Эндрик. Бразилиялық ойыншы «Милан» иесі Джерри Кардиналенің ерекше назарында: клуб жазда жоспарлаған барлық трансферін толық жүзеге асыра алмаған соң, Кардинале нарықта белсендірек жұмыс істеуге ниетті.
Дегенмен мадридтік клуб әзірге шабуылшыны жіберуге дайын емес. «Милан» жағдайды бақылап, «Реалдың» ұстанымы өзгеруі мүмкін деп үміттеніп отыр. Эндрикке қызығушылық танытып отырған клубтардың қатарында «Рома» мен «Астон Вилла» да аталады.
